Мобильді кітапхана.
Көрменің мақсаты: балалардың кітап оқуға, тыңдауға құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту, қазақтың көрнекті ақын — жазушыларының шығармаларын насихаттап, балалардың ана тілге деген қызығушылықтарын арттыру, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, өзге де тілдер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға ана тілінің, өзге де тілдердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу. Балалардың ән айтуға, өлең оқуға, ертегі тыңдауға, ұлттық ойындарды ойнауға, туған тілге деген қызығушылығын арттыру. Өнерлі болуға біртабан жақындату. Тілге, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында, топтарда «Мобильді кітапхана» кітап көрмесі ұйымдастырылды




