19.05.2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» өз жұмысын бастайды!
Болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке жан-жақты дайындауға арналған бағдарлама балалардың:
✅ оқу дағдыларын дамытуға;
✅ сөйлеу және ойлау қабілетін жетілдіруге;
✅ ұсақ моторикасын дамытуға;
✅ ортаға бейімделуіне;
✅ мектепке психологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама маусым–тамыз айлары аралығында өткізіледі.
Сабақтар мектепке дейінгі ұйым базасында ұйымдастырылады.
Тәжірибелі педагогтермен қызықты әрі танымдық сабақтар жүргізіледі.
Қабылдау және қосымша ақпарат алу үшін Қарасай батыр 31/1
№2 «Батыр» балабақшасына +7(7152)53-24-77 хабарласуыңызды сұраймыз.
Балаңыздың мектепке сенімді қадам жасауына бірге көмектесейік!
