12.06.2026
Қауіпсіздік кеңесі
Шомылу маусымдағы су айдындарындағы қауіпсіздік
Безопасность на водоемах в период купального сезона
27.04.2026
«Өрт – тілсіз жау».
Мақсаты: балаларға өрттің қауіпті екенін түсіндіру, өрт қауіпсіздігі ереже-лерімен таныстыру, төтенше жағдайда өзін дұрыс ұстауға үйрету.
Міндеттері:
-өрттің шығу себептері туралы түсінік беру:
-өрт кезінде не істеу, не істемеу керектігін үйрету:
-101, 112 нөмірлерін есте сақтау:
-сұраққа жауап беру, өз ойын еркін айтуға баулу.
Көрнекіліктер: өрт болып жатқан суреттер, өрт сөндіруші, сіріңке, үтік, розетка, ойыншық, өрт сөндіру көлігі, плакат, қызыл, жасыл дөңгелектер.
Іс-әрекет барысы
Шаттық шеңбері «Қауіпсіздік».
Қайырлы таң, балалар,
Қауіпсіз болсын әр қадам!
Ережені сақтасақ,
Аман болар әр адам!
Тәрбиешінің әңгімесі.
-Балалар, сендер “Өрт – тілсіз жау” деген сөзді естідіңдер ме?
-Ия.
-Өрт адамға сөйлеп ескертпейді, бірақ өте қауіпті. Сол үшін оны тілсіз жау дейді.
Сұрақ-жауап
-Өрт неден шығады?
-Сіріңке, газ, тоқ, үтіктен шығады.
-Өрт шықса не істеу керек?
-Үлкендерге айту керек. Сыртқа шығу керек.
-Қандай нөмірге қоңырау шалу керек?
— 101-ге қоңырау шалу керек.
Маңызды: Өрт сөндірушілердің нөмірі – 101, төтенше жағдай – 112
“Дұрыс – бұрыс” ойыны.
Ойынның мақсаты: өрт кезінде дұрыс әрекет жасауды үйрету.
Ойынның шарты: балалар тәрбиешінің іс-әрекетіне қарап, қолдарындағы дөң-гелектерді көтереді. Дұрыс болса – жасыл дөңгелекті, бұрыс болса – қызыл дөң-гелекті көтереді.
-Сіріңкемен ойнау — қызыл дөңгелекті көтереді.
-Үлкендерге айту — жасыл дөңгелекті көтереді.
Сергіту сәті
Өрт шықты деп ойлайық,
Жүгірмейік, қорықпайық.
Төмен еңкей, жабық тұр,
Таза ауаға асығайық!
Өрт – тілсіз жау қауіпті,
Сақ болайық әр күні.
Сіріңкені ұстамай,
Қауіптеніп жүрейік біз үнемі.
Қорытынды
– Бүгін біз не үйрендік?
– Өрттен қалай сақтанамыз?
– Немен ойнауға болмайды?
Күтілетін нәтиже
✔ Өрттің қауіпті екенін біледі.
✔ Қауіпсіздік ережелерін атайды.
✔ Төтенше жағдайда не істеу керектігін түсінеді.
