«Сабақтастық» тақырыбындағы қалалық семинар
«Сабақтастық» тақырыбындағы қалалық семинар
2026 жылдың 11 наурыз күні №2 «Батыр» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған қалалық семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және балалардың мектеп өміріне тиімді бейімделу жолдарын талқылау.
Іс-шара барысында:
— ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері
— шебер-сыныптар
— тәжірибе алмасу алаңы
— ата-аналарға арналған практикалық жұмыстар ұсынылды.
Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, балаларды мектепке дайындаудың заманауи әдістерін көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жаңа идеялар мен пайдалы тәжірибе сыйлады.
Осындай мазмұнды шараның ұйымдастырылуына атсалысқан барлық әріптестерге алғыс білдіреміз!



