Буллинг — балаға жасалған зорлық
Буллинг — балаға жасалған зорлық
«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» аясында ата-аналарға арналған «Буллинг: баланы жәбірлеу және оның бала дамуына кері әсері» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингтің басты мақсаты –
🔹 буллингтің алдын алу,
🔹 баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
🔹 ата-ананың жауапкершілігін арттыру,
🔹 мейірімді, әділ, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Буллинг — тек сөзбен мазақтау емес. Ол баланың:
-өзін-өзі бағалауына,
-эмоциялық жағдайына,
-оқу үлгеріміне,
-болашақ тұлғалық дамуына
айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
Бала – қоғамның айнасы.
Ал ата-ана – оның басты қорғаны.
Бұл шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткізіліп, ата-аналарға бала құқығын сақтау, зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастырудың маңызын түсіндіруге бағытталды.
Әр бала – құрметке лайық.
Әр ата-ана – үлгі.
Әрбір адал азамат – қауіпсіз қоғамның негізі.
Балаға мейірім көрсетейік,
қорғай білейік,
тыңдай білейік



